жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жаңа оқу жылында 138 мыңнан астам оқушы жаңартылған мектептерде білім алады

Жаңа оқу жылында 138 мыңнан астам оқушы жаңартылған мектептерде білім алады
Фото: Jambylinfo.kz
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің білім беру саласында ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Олардың мақсаты – әрбір балаға заманауи әрі қауіпсіз білім алу үшін қолайлы жағдай жасау.

Жаңа оқу жылы қарсаңында 163 білім беру нысанында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде 138 мыңнан астам оқушы жаңартылған мектептерде оқу жылын бастамақ, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Реновация бағдарламасы аясында 127 мектеп жаңартылды, онда 99 мыңға жуық бала білім алады. Сонымен қатар 1 мыңға жуық ауылдық мектеп жаңғыртылып, оларға күрделі жөндеу жүргізілуде. Робототехника, химия, биология, физика және STEM пәндері бойынша 1108 заманауи кабинет орнатылды.

Кешенді жобаларға мектептерді күрделі жөндеу, сыныптарды заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, жиһаздарды жаңарту, кітапханалар мен асханаларды модернизациялау, заманауи қауіпсіздік жүйелерін енгізу кіреді.

Бұл шаралардың барлығы қала мен ауыл арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайтуға, қазақстандық балалар үшін жайлы және заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар