сәрсенбі, 29 сәуір, 2026 16:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Жаңбыр жауып, үсік жүреді»: Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады

«Жаңбыр жауып, үсік жүреді»: Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады
istockphoto
Бұл туралы синоптиктер мәлім етті

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының құбылмалы сипаты сақталады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

30 сәуірде елдің оңтүстік-батысында және солтүстік-батысында, ал 2 мамырда оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін.

 

30 сәуірде солтүстік және орталық өңірлерде, сондай-ақ бүкіл кезең бойы шығыс облыстарда жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.

 

Республика бойынша түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

 

Бүкіл кезеңде батыс өңірлерде, 30 сәуірде шығыста, 30 сәуір және 2 мамырда солтүстік-батыста, 2 мамырда елдің солтүстігінде түнгі уақытта 3°C-қа дейін үсік жүруі мүмкін.

 

Күндіз ауа температурасы біртіндеп көтеріледі:

 

оңтүстік-батыста +17…+22°C дейін;

солтүстік-батыста +13…+25°C дейін;

шығыста +25…+32°C дейін;

оңтүстік-шығыста +25…+32°C дейін.

Ал төмендеу күтіледі:

 

батыста +10…+15°C дейін;

солтүстікте +12…+18°C дейін;

орталықта +15…+25°C дейін;

оңтүстікте +18…+23°C дейін.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар