жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жер сілкінісі кезінде халыққа дер кезінде хабар берілмегені үшін шенеуніктер сотталды

Жер сілкінісі кезінде халыққа дер кезінде хабар берілмегені үшін шенеуніктер сотталды
Pixabay.com
2024 жылғы 23 қаңтарда Алматыда болған жер сілкінісі кезінде алдын ала ескерту жүйесі дұрыс жұмыс істемей, тұрғындарға дер кезінде хабар жетпеген.

Тергеу деректеріне сүйенсек, «TNS-INTEC» компаниясының бас директоры өз пайдасын көздеп, талапқа сай емес жабдық жеткізген және орындалмаған жұмыстар бойынша жалған құжаттар рәсімдеген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Осылайша ол мемлекет қаржысын аса ірі көлемде жымқырған.

Бас прокуратураның мәліметінше, іс бойынша Алматы гарнизонының әскери соты үкім шығарған.

Жабдықты қабылдау кезінде салғырттық танытқан Алматы қаласы ТЖД басшысының үш орынбасары, сондай-ақ техникалық және авторлық қадағалау өкілдері жауапқа тартылды.

Сот олардың барлығын кінәлі деп танып, бас бостандығынан айыру және мемлекеттік, квазимемлекеттік органдарда белгілі бір қызметтерді атқаруға тыйым салу жазасын тағайындады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар