Елімізде

Жетісуда бірнеше кәсіпорын Еуропаға заңсыз балық экспорттаған

Бұл компаниялар 20-дан астам еншілес фирмалар ашып, солар арқылы өнімді шетелге шығарған

Жетісу облысының табиғат қорғау прокуратурасы балық шаруашылығындағы заңбұзушылықтарды тексеріп, ірі көлемдегі контрабандалық әрекеттерді анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Тексеру барысында бірқатар кәсіпорынның балық өнімдерін Еуропа елдеріне заңсыз экспорттап келгені белгілі болды. Бұл компаниялар 20-дан астам еншілес (яғни, өздеріне қарасты) фирмалар ашып, солар арқылы өнімді шетелге шығарған. Бірақ сол еншілес компаниялардың заң бойынша балық аулауға құқығы болмаған — оларда су қоймалары бекітілмеген, балық аулауға квотасы жоқ, экспортқа рұқсаттары да болмаған.