сейсенбі, 11 ақпан, 2025 4:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Классик жазушы Мұхтар Мағауин өмірден өтті

Классик жазушы Мұхтар Мағауин өмірден өтті
ашықдереккөз
Бұл қаралы хабарды жазушының ұлы Едіге Мағауин желідегі парақшасына жазды

Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық лауреаты Мұхтар Мағауин өмірден өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қазақ ауыз әдебиетін зерттеуші, филология ғылымдарының докторы, тарихи романдардың авторы 84-ке қараған шағында қайтыс болды.

"Арыстан ӘКЕМ фәниден бақиға аттанып кетті, АҚШ-тың Мерилэнд штатындағы үйінде, бала-шағасының ортасында, 2025 жылғы қаңтардың 9-ы, жергілікті уақыт бойынша сағат 19:55-те (Қазақстан уақыты бойынша қаңтардың 10-ы, сағат таңғы 5:55-де)",- деп жазды Едіге Мағауин.

Әлем таныған классик жазушы Мұхтар Мұқанұлы Мағауинның отбасы мен жақындарына, тұтас қазақ халқына қайғыра көңіл айтамыз!

Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 1940 жылы Семей облысының Шұбартау ауданында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Қазақтың біртуар дарынды жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның халық жазушысы. 1957 жылы осы ауданның Баршатас селосындағы қазақ орта мектебін бітіріп, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне оқуға түседі. Университеттің филология факультетін 1962 жылы, ал қазақ әдебиеті кафедрасының аспирантурасын 1965 жылы бітірген. М.Мағауиннің еңбек жолы 1965 жылдан басталады. Әуелде «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, 1967-1971 жылдары «Жазушы» баспасында бас редактордың орынбасары болып істеген. Баспасөз бетінде алғаш рет 1959 жылы көрінді. 60-жылдар ішінде негізінен әдебиет зерттеушісі ретінде танылды («Қобыз сарыны» монографиясы). Бұдан соңғы кезеңде көркем прозаға көбірек ден қойды. Негізгі шығармалары да осы жанырда. Мұхтар Мағауин көптеген әңгімелердің, «Тазының өлімі» (1969), «Бір атаның балалары» (1973), «Көкбалақ» (1978), «Жүйріктің тағдыры» (1979), «Шақан-Шері» (1984) т.б повестерінің, «Көк мұнар» романы (1971) мен «Аласапыран» роман-диологиясының (1980-1982) авторы. Жазушының негізгі шығармалары орыс тіліне аударылған; СССР халықтары мен шет ел тілдерінде басылған. 1984 жылы М.Мағауинге «Аласапыран» тарихи роман-диологиясы үшін Қазақ ССР-ының Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар