Қоғам

7 өңірде халық саны 1 миллионнан асты

1 маусымдағы мәлімет бойынша, еліміздегі халық саны 20 370 672 адамға жетті

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап.

Биылғы жылдың басынан бері елімізде халық саны 87,2 мың адамға артқан. Оның ішінде табиғи өсім – 80 мың адамды, ал көші-қон арқылы келген өсім – 7,2 мың адамды құрады.

Бүгінде Қазақстанның 7 өңірінде халық саны 1 миллионнан асты:

Алматы қаласы – 2 314 929 адам

Түркістан облысы – 2 150 992 адам

Алматы облысы – 1 575 657 адам

Астана қаласы – 1 566 566 адам

Шымкент қаласы – 1 274 296 адам

Жамбыл облысы – 1 220 481 адам

Қарағанды облысы – 1 133 068 адам