сәрсенбі, 15 сәуір, 2026 14:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алдағы күндері ауа температурасы -18 градусқа дейін төмендейді

Алдағы күндері ауа температурасы -18 градусқа дейін төмендейді
istockphoto.com
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары мәлім етті.

16–18 сәуір аралығында Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Синоптиктердің мәліметінше, елге бірден екі барикалық түзілім әсер етеді.

Батыстан шығысқа қарай жылжитын циклон салдарынан жауын-шашын күтіледі. Кей өңірлерде қар аралас жаңбыр жауып, кей уақыттарда жауын-шашынның күшеюі ықтимал. Сонымен қатар республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі байқалады.

Ал кезеңнің соңына қарай солтүстік антициклонның ықпалы артып, ауа температурасы төмендейді. Әсіресе солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде көктайғақ болуы мүмкін.

Температуралық көрсеткіштер де құбылмалы болады. Кезеңнің басында солтүстік аймақтарда түнгі ауа температурасы -1…-8°С-қа дейін төмендеп, күндіз +1…+8°С шамасында сақталады.

Ал кезеңнің соңына қарай шығыс өңірлерде түнде -2…-18°С дейін суытуы мүмкін. Күндізгі температура 0…+13°С аралығында болады.

Елдің қалған аумақтарында ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар