жексенбі, 10 қараша, 2024 10:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қайырымдылық - қайырлы іс

Қайырымдылық - қайырлы іс
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» жыл бойы қайырымдылық іс шараларға белсене қатысуда

Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ағымдағы жылдың 9 айында
211 млн 270 мың теңгеге 14 578 адамға қайырымдылық көмек көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Есептік кезеңде облыста Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» жобасы аясында  «Ерікті донор», «Жылу», 1 наурыз Алғыс айту күніне орай «Қоржын», Наурыз мерекесіне орай облыстық ассамблеяның «Мейірімді жүрек», «Бар жақсымыз –балаға», «Ізгілік айы» акциялары және су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек, Құрбан айт мейрамы, «Мектепке жол» акциясы аясында 211 млн 270 мың теңгеге 14 578 адамға қайырымдылық көмек көрсетті. (Оның ішінде 56 млн 700 мың теңге су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек). 
Қаңтар айында Шу аудандық түрік этномәдени бірлестігі Қонаев ауылының 5 жасар тұрғынының операциясына 100 мың теңгеге көмек көрсетті және Тараз қаласының өзбек мәдени орталығы әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 25 отбасына және Т. Рысқұлов аудандық этномәдени бірлестіктері аз қамтылған 10 отбасына 300 мың теңгеге азық-түлік себеттерін сыйлады.
Сонымен қатар, ақпан айында Шу аудандық түрік этномәдени бірлестігі Қонаев ауылының аз қамтылған 5 отбасына 400 мың теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті.
1 наурыз Алғыс айту күніне орай «Қоржын» акциясы аясында облыстық және аудандық этномәдени бірлестіктер әлеуметтік осал топтағы 200 отбасына 4 млн 500 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді. 
Өңірлік «Ассамблея жастары» «Ерікті донор» қайырымдылық акциясы аясында Тараз қалалық Қан орталығына барып, қан тапсырды. Аналар мерекесіне орай өзбек этномәдени бірлестігі әлеуметтік жағдайы аз қамтылған,  көпбалалы отбасыларға және І-ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі қолөнер шеберлеріне көмек ретінде 200 мың теңгеге 10 азық-түлік 10 себетін таратты. 
Наурыз мейрамының жаңа тұжырымдамасына сәйкес 15 наурыз –қайырымдылық күніне орай «Вынхуа» дүнгендер қоғамдық бірлестігі Қордай ауданындағы аз қамтылған, көпбалалы 200 отбасына 4 млн 400 мың теңгеге ұн және 90 отбасының балаларына 2 млн 700 мың теңгеге киім-кешектер және түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Ж.Аббосов  әлеуметтік осал топтағы 40 отбасына 500 мың теңгеден аса азық-түлік  қорабын, ұн қаптарын таратты.
Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ жанынан арнайы штаб құрылып, ҚХА мүшелері, ҚХА меценаттары, облыстық этномәдени бірлестік өкілдері, Аналар кеңесінің, «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен  су басқан аймақтарға гуманитарлық көмек екі жүк көлігіне тиеліп, су басқан аймақтарға жөнелтілді. Атап айтқанда, түрік этномәдени бірлестігі Жамбыл облыстық филиалы 2 жүк көлiгiнің бару-қайту шығындары (600 мың теңге) берiлдi және 4 150 000 теңге сомасына гуманитарлық көмек (азық-түлiк өнiмдерi, матрастар, жастықтар, жаялықтар,) «DATUB» республикалық қорының шотына 5 млн теңге аударды. Облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Г. Умаров 200 мың теңгеге көкөністер, татар және башқұрт этномәдени бірлестігі 50 мың теңгеге 20 дана жаңа көрпе, қарашай-балқар этномәдени бірлестігі 150 мың теңгеге азық-түлік, грек этномәдени бірлестігі 400 мың теңгеге азық-түлік, дәрі-дәрмек, гигиеналық құралдар, киім-кешек, ұйғыр этномәдени бірлестігі 1 млн 500 мың теңгеге азық-түлік, еврей этномәдени бірлестігі 250 мың теңгеге азық-түлік, қырғыз этномәдени бірлестігі 3 млн теңгеге азық-түлік өнімдері, жаңа киім-кешек, тұрмыстық керек-жарақтар, әзірбайжан этномәдени бірлестігі 300 мың теңгеге азық-түлікпен көмек көрсетті. 
    Өңірлік «Ассамблея жастары» жалпы көлемі 7 млн 900 мың теңгеге гуманитарлық көмек жинады. 
Сонымен қатар, өзбек этномәдени орталығы 750 мың теңге, тәжік этномәдени бірлестігі 50 мың теңге және облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы А. Сейілхан 30 мың теңге көлемінде ҚХА қорына  қаржылай қаражат аударды.
    Республикалық дүнгендер орталығы және облыстық дүнген этномәдени бірлестігінің өкілдері бірлесе Ақтөбе қаласы 2 жүк көлігімен 9 млн 500 теңгеге гуманитарлық көмек жөнелтті. Шу аудандық ұйғыр этномәдени орталығы жастар қанаты 10 млн. теңгеге гуманитарлық көмек жөнелтті. 
   Қордай аудандық дүнген этносының өкілдері 10 млн. теңгеге су басқан аймақтарға азық-түлік, тұрмыстық заттар, гигиеналық құралдар, еңбекке қажетті құрал-саймандар (күрек, арба, қап) және тағы басқа да қажетті заттарды жіберді.
Қордай ауданы «Әлжан ана» тарихи музейінде еліміздің даңқты перзенті, қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевқа, Қордай ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының үздігі Эйвас Замановқа арналған еске алу бұрышы ашылып, ҚХА мүшесі, меценат Татьяна Апаева және аудандық маслихат депутаты Эльдар  Апаев 2 млн теңгеге музейге қосымша қажетті үстел, тақтайша орындықтар сыйлады және ашылу салтанаты келген қонақтарға түскі ас ұйымдастырды.
«Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі Хамида Турдыеваның  бастауымен әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 10 отбасына азық-түлік себетін таратты.
1 маусым Балаларды қорғау күніне орай облыстық және аудандық этномәдени бірлестіктер білім бөлімінің балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебінің балаларына, балалақшалардың балаларына, мектептердің оқушыларына мерекелік кеш ұйымдастырылып, жалпы 1 450 балаға 12 млн 300 теңгеге сыйлықтар, және тәттілер, киімдер, балмұздақтар таратылды.
Жуалы аудандық этномәдени бірлестік мүшелері тыл ардагерлері мен жалғызбасты қарттарға 60 мың теңгеге азық-түлік себеттерін сыйлады. Аудандық этномәдени орталықтар және «Ассамблея жастары» Тараз қаласындағы және аудандардағы ҰОС ардагерлеріне азық-түлік себеттері мен тәттілер сыйға тартты. 
     1 маусым Балаларды қорғау күніне орай облыстық дүнген этномәдени бірлестігі 600 балаға 1 млн 400 мың теңгеге ойыншықтар, киім-кешек, тәттілер және тағы басқа қажетті жабдықтармен көмек көрсетті.  
Құрбан айт мейрамына орай дүнген этномәдени бірлестігі 136 отбасына 5 млн теңгеге 2 000 кг ет таратты және 1 млн 700 мың теңгеге жетім балалары бар 38 отбасына қайырымдылық көмек көрсетті.
Сонымен қатар, шілде-қыркүйек айларында республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, облыстық этномәдени бірлестік төрағалары мен өкілдері 6 млн 800 мың теңгеге 169 отбасының 308 баласына мектеп формасы, аяқ киім, спорттық киім, сөмке, оқуға қажетті құралдармен қайырымдылық көмек жасады

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар