Қазақстанда әншілерге фонограммамен өнер көрсетуге тыйым салынады
Мәжіліс отырысында тиісті заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.
Қазақстанда мәдени-бұқаралық іс-шараларда фонограмма қолдануға шектеу енгізіледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ринат Зайыт мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мәжіліс отырысында тиісті заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды. Депутаттың айтуынша, тыйым барлық жерде емес, тек 200 адамнан астам көрермен жиналатын іс-шараларға қатысты қолданылады. Егер алаң арнайы техникалық құралдармен жабдықталмаған болса, фонограммаға рұқсат беріледі.
Заңды бұзған жағдайда жауапкершілік шаралары қарастырылған. Ұйымдастырушыларға 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.