Қоғам

Қазақстанда тағы бір мамандық иелерінің жалақысы өседі

Қазақстанда архив қызметкерлерінің еңбекақысына үстемақы қосу жөніндегі заңнамалық өзгерістер қабылданбақ.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбай мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оның айтуынша, бұған дейін кейбір аймақтарда архившілерге үстемақы толық көлемде төленбеген. Мәселен, Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарында бұл төлем ішінара ғана жүзеге асқан. Жаңа заң жобасы күшіне енген соң үстемақы барлық өңірде бірыңғай тәртіппен енгізілетін болады.

Сондай-ақ, Астанадағы Ұлттық архивтің мәртебесі заң жүзінде толық айқындалмағаны белгілі болды. Алдағы өзгерістердің арқасында бұл мекемеге ресми түрде ұлттық статус берілмек.