Қоғам

Белгілі блогер Елдос Калабок ұлды болды

Қуанышты жаңалықты Елдос өзінің Instagram парақшасында бөлісті

Белгілі блогер Елдос Қадырханов (Калабок) пен жұбайы Таңшолпан алғаш рет ата-ана атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Блогер жұбайымен бірге көптен күткен сәбилерінің дүниеге келгенін хабарлап, халықтан сүйінші сұрады.

“Аллаға шүкір! Сүйінші! Біз ата-ана болдық, ағайын! Қош келдің, ұлым. 12.11.2025. Бақыттан басым айналып, ұшып жүрмін, ағайын. Сезімді жеткізе алмай жазып отырмын. Жүрегім ішіме сыймай жатыр. Шүкір, шүкір, шүкір”, – деп жазды ол желідегі жазбасында.

Айта кетейік, бұған дейін Елдос Қадырханов он жылдан астам уақыт бойы сәби сүйе алмай жүргенін және бедеулікке қарсы күрделі ота жасатқанын айтқан болатын.