дүйсенбі, 8 желтоқсан, 2025 17:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл қазақстандық жұмыскерлерге 2,6 млрд теңгенің жалақысы төленбей қалған

Биыл қазақстандық жұмыскерлерге 2,6 млрд теңгенің жалақысы төленбей қалған
Фото: pexels
Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 55,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 
2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 494 кәсіпорны 10,4 мыңнан астам жұмыскерге 2,6 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады.

Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 8 мыңға жуық фактісі анықталды.

— Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 3 781 ұйғарым берілді және 470,7 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 10,1 мың жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 2,2 млрд теңге төленді. Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.

2025 жылғы 1 желтоқсандағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 886 тексеру жүргізді, оның барысында 7 902 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында — 6 362; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша — 1 495; халықты жұмыспен қамту бойынша — 45.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 45 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар