жексенбі, 8 желтоқсан, 2024 4:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Ісі күмәнді": Танымал әнші Алтынай Жорабаеваның қаржы пирамидасына қатысы бар ма

"Ісі күмәнді": Танымал әнші Алтынай Жорабаеваның қаржы пирамидасына қатысы бар ма
Коллаж - Jambylinfo.kz
Ол қазір алаяқтардың кәсібін жарнамалап жүргенге ұқсайды

Журналист Бақтияр Хамит эстрада әншісі Алтынай Жарабаеваның қаржы пирамидасына қатысы болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Бақтияр Хамиттің жазуынша, өнер иесі қазір “Бізге 5 млн салып, айына 500 мың теңге алып отыр” деген қаржылық пирамиданың барлық белгісі бар тірлікті жарнамалап жүр. 

-    Жұрттың бәрі Мақпал әншімізге жанашырлық танытып жатыр. Мен Алтынай Жорабаева үшін алаңдап жүрмін. Бір күмәнді іспен айналысып, айналасында күмәнді адамдар жүрген сияқты. Қазір тәп-тәуір әншіміз “Бізге 5 млн салып, айына 500 мың теңге алып отыр” деген қаржылық пирамиданың барлық белгісі бар тірлікті жарнамалап жүр. 5 миллионнан 500 мың көру үшін салған ақшаңның айлық өсімі 10% болу керек. Жылдығы 120%. Қазір банктердің ең көп деген ЖЫЛДЫҚ пайыздық үстемақысы 15% сәл асады. Сонда бұлар қалай пайда таппақ? Ал енді әншіге сеніп, қыруар адам миллиондап ақша құйып жатыр. Адамды Инстаграмм арқылы тартады. Жорабаеваның өзіне 3 млн, жанындағы келіншекке де сонша адам жазылған екен. Талай адам сан соғып қалмаса екен деп тілеп отырмыз,- дейді ол әлеуметтік желідегі жазбасында. 

Ал, белгілі қаржыгер Сапарбай Жұбаев негіздемелерге сүйене отырып, бұл таза қаржы пирамидасының ережесі екенін айтып отыр. 

-    Айына 10% дегені, жылына 120. Бұлар, алдын жазылған өздеріне жақын адамдарға 2-3 ай кейінгілердің ақшасынан береді. Олар үгіттейді. Нағыз қаржылық пирамида. Статья бар,- деп жазбаға пікір білдірді қаржыгер.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар