Қоғам

Ләйлә Сұлтанқызы Оксфорд университетінен ресми шақырту алды

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлемге әйгілі Оксфорд университетінен ресми шақырту алды.

Бұл ақпаратты Ләйлә Сұлтанқызы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Айта кетейік, BIRSoz – Оксфорд университетіндегі қоғамдық бастама. Жоба Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтымен меморандум аясында іске асырылған. Оның басты мақсаты – қазақ тілін халықаралық ғылыми ортада жүйелі зерттеу және насихаттау.