Қоғам

Құмар ойын түрлерін жарнамалаған блогерлердің есімдері аталды

Бұл мәліметті ҚМА жариялады

Жыл басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігі 34 блогердің онлайн-ойындарды жарнамалауға қатысы барын анықтады. Олардың 11-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал 23 контент жасаушыға қатысты материалдар Мәдениет министрлігіне шара қабылдау үшін жолданды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Өскелең ұрпақ құмар ойынға тәуелділікке ұрынып, салдарынан ішімдік пен есірткіге әуестік сияқты басқа да жағымсыз құмарлықтарға бейім болады. Онлайн-казинолардың қызметі көбінесе есірткі саудасынан мен қаржылық алаяқтықтан түскен қылмыстық табысқа негізделеді.

Жаңа «клиенттерді» тарту үшін олардың иелері миллиондаған оқырманы бар отандық блогерлерді пайдаланады. Олар оңай пайда табуды көздеп, қарапайым азаматтарды қаржылық тұзаққа түсіреді. 

Жыл басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігі 34 блогердің онлайн-ойындарды жарнамалауға қатысы барын анықтады.

Ведомство мәліметінше, көпшілігі заңды бір рет емес, жүйелі түрде бұзады.

Агенттік мәлім еткендей, бұл істе блогер қыздар да белсенді. 

Осылайша, онлайн-казино жарнамасы ойынға тәуелділікке бастайтын негізгі арна екенін біле тұра, аталған тұлғалар өз істерін жалғастырып жатыр.

 

ҚМА блогерлерге үндеу жасап, жарнама түріндегі контент таратумен айналысатын әрбір тұлға заңды қатаң сақтауы тиіс екенін айтты. Агенттік заңсыз ойындарды насихаттаудан бас тартып, адамдар алдындағы жауапкершілікті сезінуге шақырады.