«Қоянбаевты ауылға жіберіңіз!»: Белгілі заңгер Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны сынға алды
- авторjambylinfo.kz
- 2 шілде, 2024
- 923
Заңгер Айгүл Орынбек күні кеше Нұрлан Қоянбаевты кеңесші етіп жұмысқа алған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны сынға алды, деп жазады jambylinfo.kz.
Оның айтуынша, Түркістан облысы – жемқорлық дендеген аймақ, сондықтан, оның креативті мәселелерін емес (Нұрлан Қоянбаев әкімнің креативті мәселелер жөніндегі кеңесшісі лауазымына тайындалған – ред.), жемқорлығын жоятын кеңесші керекү
«Пиардан, өтірік есептен шаршаған жоқсыздар ма? Бұл мемлекет өзімізге керек қой! Жемқорлық жүйелеп кеткен аймақта кретивіне емес, жергілікті басқару жүйесіне көңіл аударып, сыбайлас жемқорлықты жою керек. Түркістан облысының жемқорлығы мен былығын сайқымазақ актері арқылы креативті тұрғыда көтергіңіз келді ме?!», - деп жазған заңгер Дархан Сатыбалдыға қарата айтқан сөзінде.
Осы ретте ол Нұрлан Қоянбаев ақыры кеңесші болған екен, оны қалаға емес, ауылдарға жіберу керек деген ұсыныс білдірген.
«Қоянбаевты ауылға жіберіңіз! Ауыл-аймақта қызметкерлері айлық ала алмай отырған балабақшаларға жіберіңіз», - деп жазған заңгер.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі лауазымына тағайындалған болатын.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Мақсат – қаржылық бақылау сапасын арттыру
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысының 85 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті
- авторjambylinfo.kz
- 22 қараша, 2024