"Рэкетир" фильмінде ойнаған актер Мұрат Бисембин инсульт алып, ауруханаға түсті
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 12:53
- 196
«Рэкетир» фильміндегі рөлімен елге танылған актер Мұрат Бисембиннің инсульт алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауында.
Бұл жөнінде актердің қызы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Инсульт. Дәрігерлер қадағалап отыр. Барлығын еңсереміз», – деп жазды ол.
Бұған дейін, бірнеше күн бұрын, ол Instagram парақшасында былай деп жазған еді:
«Көп адам менен “Әкеңіздің хәлі қалай?” деп жиі сұрайды. Бұған нақты бір жауап айту қиын. Кей күндері жағдайы жақсарады, кейде керісінше болады. Соған қарамастан, біз үнемі үміт пен позитивті көңіл күйді сақтауға тырысамыз. Әлеуметтік желіде көбіне жақсы сәттерді ғана бөлісемін: жаттығулар, дайындықтар, жарыстар, өзімнің және жақындарымның жетістіктері, күнделікті өмірдегі қарапайым сәттер. Жағымды дүниелерді көрсеткіміз келеді, алайда көп нәрсе кадр сыртында қалады. Қазір әкем күресін жалғастырып жатыр. Барлығы жақсы болады. Әмин. Бізге қолдау білдіріп, жақсыға сеніп жүрген жандардың барлығына алғыс айтамын. Бұл біз үшін өте маңызды», – деп жазды ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін актердің ауыр сырқатпен күресіп жатқаны туралы хабарланған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Биыл қазақстандық жұмыскерлерге 2,6 млрд теңгенің жалақысы төленбей қалған
- авторМағжан Орынбасар
- 8 желтоқсан, 2025






