Күдікті жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды
Тараз қаласындағы №47 мектептің 9-сынып оқушысы мектеп әжетханасында сыныптасынан алған соққы салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
— Адам өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактісі бойынша (ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, - делінген Жамбыл облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Күдікті жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Еске салсақ, бұл апта ішінде өңірде тіркелген екінші қайғылы жағдай болып отыр.






