бейсенбі, 23 сәуір, 2026 15:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер 15 тәулікке дейін қамалуы мүмкін

Жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер 15 тәулікке дейін қамалуы мүмкін
istockphoto.com
Прокуратура өкілдерінің айтуынша, әңгіме бір реттік заңбұзушылықтар туралы емес.

Астана қаласының прокуратурасы жол қозғалысы ережелерін жиі әрі өрескел бұзатын жүргізушілерге қатысты жауапкершілік күшейтілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қадағалау органының дерегінше, жылдамдықты шамадан тыс асыру, қауіпті маневрлер жасау секілді әрекеттер жолдағы өзге қатысушылардың өмірі мен денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді.

Мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін тек айыппұлмен шектелу жеткіліксіз болған жағдайда, жүйелі түрде ереже бұзатын жүргізушілерге қосымша қатаң шаралар қолданылады. Атап айтқанда, олардың әрекеттері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы — «ұсақ бұзақылық» ретінде сараланып, 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалуы мүмкін.

Қазірдің өзінде аталған бап бойынша бірнеше жүргізуші жауапқа тартылған. Олар бұған дейін бірнеше мәрте айыппұл төлегенімен, бұл шаралар нәтиже бермеген.

Прокуратура өкілдерінің айтуынша, әңгіме бір реттік заңбұзушылықтар туралы емес. Керісінше, жол ережесін әдейі және көзге түсетіндей бұзатын, өз әрекеттерін әлеуметтік желілерде жариялайтын, басқа адамдардың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарайтын жүргізушілер туралы сөз болып отыр.

Мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіпке нұқсан келтіріп, жол қозғалысының өзге қатысушыларына қауіп төндіреді. Сондықтан олар ұсақ бұзақылық ретінде бағаланып, сот шешімімен жауапкершілікке тартылады.

Ғабит Мұқановтың айтуынша, қасақана құқық бұзушыларды оқшаулау агрессивті жүргізуге төзбеушілік қалыптастырып, жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған.

Елорда прокуратурасы жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолдағы қауіпсіздік әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін естен шығармауға шақырды.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар