Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Астанаға келді
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді
Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян ресми сапармен Астана қаласына келді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов мәртебелі мейманды әуежайдан күтіп алды.
Бағдарлама аясында 21 қараша күні екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша бірқатар кездесу жоспарланған.