Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев Ирак Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
- авторМағжан Орынбасар
- 13 сәуір, 2026
- 147
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті
Қасым-Жомарт Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
- Қазақстан Президенті Ирак мемлекеті мен халқының жарқын келешегін қамтамасыз етуге бағытталған Низар Амидидің бастамаларына сәттілік тіледі. Сондай-ақ екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы ынтымақтастықтың одан әрі дами түсетініне сенім білдірді, - делінген хабарламада.






