Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президентіне жеделхат жолдады
- авторМағжан Орынбасар
- 27 қаңтар, 2026
- 149
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогқа Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күніне орай жеделхат жолдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қазақстан халқы Холокост жылдарында қаза болған миллиондаған жазықсыз құрбанды еске алатынын атап өтті.
– Еліміз этникалық және діни өшпенділік пен зорлық-зомбылықтың кез келген түрін қатаң айыптайды, адамзатқа қарсы мұндай қылмыстың қайталануына жол бермеу жөніндегі халықаралық қоғамдастықтың ортақ күш-жігерін қолдайды. Қазақстан Холокост жылдарында жер аударылған көптеген еврейге мекен болды. Бүгінде еврей қауымдастығы қоғамымыздың ажырамас бөлігі саналады, – делінген жеделхатта.
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Қазақстан мен Израиль: Екіжақты ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілмек
- авторМағжан Орынбасар
- 27 қаңтар, 2026





