Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен министр Такеши Ивая сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-транзит және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-жапон кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сондай-ақ халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастық жөнінде пікір алмасты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония сыртқы саясат ведомствосының басшысына ілтипат білдіре отырып, оның Астанаға сапары екі ел арасындағы қарым-қатынасты арттыруға тың серпін беретінін атап өтті.
Такеши Ивая қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Такеши Ивая халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде әңгімелесті.