Қазақстан мен Люксембург: Тараптар саяси және экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті екенін растады
- авторМағжан Орынбасар
- 20 қазан, 2025
- 311
Люксембург, 2025 жылғы 20 қазан – Люксембург Ұлы Герцогтігіне жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Люксембург Сыртқы және еуропалық істер министрлігінің Бас хатшысы Жан Олинжемен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылап, саяси диалогты дамытуға, сондай-ақ экономикалық және мәдени салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударды.
Ерекше көңіл Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Люксембург Премьер-министрі Люк Фриденнің 2025 жылғы 23 қыркүйекте Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясындағы кездесуі барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелеріне бөлінді. А. Исетов бұл кездесудің екіжақты қатынастарға жаңа серпін бергенін және ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүмкіндік ашқанын атап өтті.
Министрдің орынбасары Қазақстан мен Еуропалық одақтың Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойғанына 10 жыл толғанын ескере отырып, Люксембургті Еуроодақтағы маңызды серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті. Екі ел арасындағы өзара іс-қимыл әлеуеті жасыл технологиялар, цифрландыру, жаңартылатын энергия, фармацевтика және ауыл шаруашылығы сияқты бағыттарды қамтиды.
Өз кезегінде Ж. Олинже Қазақстанның өңірлік тұрақтылықты нығайтудағы күш-жігерін жоғары бағалап, Люксембургтің елімізді Орталық Азиядағы сенімді серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті. Ол ЕО мен халықаралық ұйымдар, соның ішінде БҰҰ аясындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға, сондай-ақ экономикалық және гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге бағытталған бірлескен бастамаларды қолдауға дайын екенін білдірді.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар саяси диалогты одан әрі дамытуға, сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға және екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы байланыстарды нығайтуға өзара мүдделілік бар екенін растады.
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өткізді
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 желтоқсан, 2025
Президент Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 желтоқсан, 2025






