Қазақстан мен Моңғолия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келіссөз жүргізді
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов Моңғолияның Қорғаныс министрі Батлут Дамбамен кездесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Д. Батлут Моңғолияның қорғаныс саласындағы екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға ниеттігін айтып, екі жақты ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге шығару мүмкіндігіне сенім білдірді.
Өз кезегінде, А. Сейтақынов Қазақстан мен Моңғолия арасындағы қорғаныс саласындағы байланыстарды дамыту үшін зор әлеует бар екенін атап өтіп, қазақстандық тараптың барлық перспективалы бағыттар бойынша белсенді өзара іс-қимыл жасауға дайын екенін растады.
Тараптар бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу мүмкіндігі мен әскери ынтымақтастықты кеңейту перспективалары бойынша пікір алмасты.