Саясат
Қазақстан Президенті Джо Байденді сайлаудағы жеңісімен құттықтады
- авторjambylinfo.kz
- 9 қараша, 2020
- 640
Қазақстан Президенті Джо Байденді сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Джо Байденді АҚШ президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады.
"Джо Байден мырзаны АҚШ президенті болып сайлануымен шын жүректен құттықтаймын. Біздің елдеріміз арасындағы өзара мүдделі салаларда жемісті ынтымақтастық орнатамыз деген үміттеміз", - деп жазды Қазақстан Президенті Twitter желісінде.
Еске салайық, CNN телеарнасы мен NBC және AP агенттіктері демократиялық кандидат Джо Байден АҚШ президенті болып сайланғанын хабарлады.
3 қарашада басталған сайлаудың қорытындысы бойынша, демократ Джо Байден жеңіске жетті.
Tengrinews.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Ливанда метеорит құлап, ірі өрт шықты
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Президент Қатар Мемлекетінің Әмірімен телефон арқылы сөйлесті
- авторБақытжан Бекболат
- 1 наурыз, 2026





