жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан Тәжікстанға 200 млн долларлық өнім экспорттауға дайын

Қазақстан Тәжікстанға 200 млн долларлық өнім экспорттауға дайын
Сыртқы істер министрлігі
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Душанбеде Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Әңгіме барысында тараптар саяси, экономикалық, су-энергетикалық, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық бағыттардағы уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Министрлер қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайтуға бейілді екенін нақты растады.

Сұхбаттастар алдағы жылдары екіжақты тауар айналымын 2 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту бойынша практикалық шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл тұрғыда Қазақстан тәжік нарығына ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі және машина жасау өнімдерін 200 млн АҚШ долларына дейін жеткізуге дайын екенін білдірді.

Кездесуде өңірлік кооперацияны дамыту, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған бірлескен күш-жігер, сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулері, Халықаралық Аралды құтқару қоры, АӨСШК, ШЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ сияқты халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимыл мәселелері де қаралды.

Мұрат Нұртілеу Тәжікстанның аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға қосып отырған үлесін жоғары бағалап, «Орталық Азияны ХХІ ғасырда дамыту мақсатындағы достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа қол қою – еліңіздің өңірлік өзара іс-қимылды жан-жақты дамытуға бейілділігінің жарқын дәлелі» екенін атап өтті.

Өз кезегінде Сироджиддин Мухриддин аталған шарттың Орталық Азияда тең құқылы әрі өзара тиімді ынтымақтастықтың берік архитектурасын қалыптастыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

Кездесу қорытындысында тараптар өзара қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге, жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға және екі ел арасындағы достық байланыстарды нығайтуға дайын екендігін мәлімдеді.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар