Саясат

Берлин басылымдары Путин мен Трамп кездесуі жайлы: «Үлкен үміт күтпеңіздер»

Германиядағы ақпарат құралдары Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамптың алда өтетін кездесуіне қатысты пікір білдіріп, одан аса көп нәтиже күтуге болмайтынын ескертті. Сондай-ақ олар Украина мәселесі бойынша келіссөздерге Киев пен Еуроодақ өкілдері қатыспайтын сияқты деп алаңдаушылық танытты.

Кездесудің нақты уақыты мен орны әлі белгісіз болса да, неміс басылымдары бұл тақырыпты белсенді талқылауда. Олардың жазуынша, Путин мұндай мүмкіндікті өзінің мүддесіне пайдалануға тырысады, ал Зеленский мен еуропалық лидерлердің шеттетілуі Ресейдің АҚШ-пен екіжақты форматта, өзіне тиімді шарттарда мәміле жасауды көздейтінін көрсетеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz DW.com-ға сілтеме жасап.

FAZ (Frankfurter Allgemeine Zeitung): «Путиннің ең аз ымырасы»

FAZ сондай-ақ егер келіссөздерге Украина қатыстырылмаса, бұл АҚШ үшін де тиімсіз «жаман мәміле» болуы мүмкін деп санайды. Өйткені мәселе тек Украинаны ғана емес, бүкіл Шығыс Еуропаны қайта құруға қатысты.

Tageszeitung: «Одақтастар Трампқа сенбейді»

Berliner Zeitung: «Еуропа ойыннан тыс қалды»

Александер Дубовы Трамптың келіссөздерді тек Путин және Зеленскиймен, тар аяда өткізгісі келетінін атап өтеді. Оның айтуынша, бұл – көпжақты форматты және Еуропаның қатысуын әдейі шектеу. Мұндай жағдайда қауіпсіздік саласындағы салдар ең алдымен Еуропаға тиеді, бірақ әзірге Батыстың келісілген стратегиясы көрінбейді.

Дубовы бұл қадамды Мәскеудің тактикалық ойыны деп санайды: