Эмомали Рахмон мен Ильхам Әлиев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді
- авторjambylinfo.kz
- 3 шілде, 2024
- 461
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон мен Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды jambylinfo. kz.
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне арнайы қатысқаны және Астананың бастамалары мен басымдықтарын тұрақты түрде қолдап келе жатқаны үшін Эмомали Рахмонға ризашылығын білдірді.
– Саммитке Сіздің қатысуыңыздың мәні зор. Себебі 1996 жылы құрылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының бастауында болған президенттердің бірісіз. Менің ойымша, бұл ұйым – шын мәнінде, тиімді, беделді әрі демократиялық бірлестік. Ертеңгі саммит табысты өтеді деп үміттенемін, – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесу өткізіп, Қазақстан Президенті ШЫҰ саммитіне құрметті қонақ ретінде қатысқаны үшін Ильхам Әлиевке алғыс айтты.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Режеп Тайип Ердоған әйелімен бірге Астанаға ұшып келді
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев Князь II Альберді Монаконың Ұлттық күнімен құттықтады
- авторМағжан Орынбасар
- 19 қараша, 2024