Мемлекет басшысы АҚШ-пен келіссөздер бойынша өкілін тағайындады
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 қаңтар, 2026
- 318
Ержан Қазыханға АҚШ-пен келіссөздерде Қазақстан президенті өкілінің міндеттері жүктелді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Мемлекет басшысының өкімімен Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі Ержан Хозеұлы Қазыханға Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөздер процесіндегі Қазақстан Республикасы президенті өкілінің міндеттері жүктелді", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Ержан Қазыхан БҰҰ-ның бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі лауазымына былтыр 26 қыркүйекте тағайындалған еді.
Оған дейін Ержан Хозеұлы Қазақстан президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі болды.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Қатар Мемлекетінің Әмірімен телефон арқылы сөйлесті
- авторБақытжан Бекболат
- 1 наурыз, 2026





