Саясат
Мемлекет басшысын Исламабад әуежайында Президент Асиф Али Зардари қарсы алды
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 18:57
- 17
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Мемлекет басшысын Исламабад әуежайында Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шариф қарсы алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеп, зеңбіректен 21 мәрте оқ атылды.
Сондай-ақ Қазақстан мен Пәкістанның туларын ұстаған балалар Қасым-Жомарт Тоқаевқа қошемет көрсетті.
Ертең жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады.




