жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Олжас Бектенов Хирошима префектурасының губернаторымен кездесті

Олжас Бектенов Хирошима префектурасының губернаторымен кездесті
Үкіметтің баспасөз қызметі
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Хирошима префектурасының губернаторы Хидехико Юзакимен кездесу өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, соның ішінде гуманитарлық бастамалар мен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, білім беру және денсаулық сақтау салаларында тәжірибе алмасу, сондай-ақ «Хирошима – Семей» бастамасын жалғастыру жайы сөз болды. Сонымен қатар, Абай облысы мен Хирошима префектурасы арасындағы өзара байланыстарды одан әрі дамыту мүмкіндіктері қарастырылды.

Тараптар ядролық қауіпсіздік мәселесінде ортақ ұстанымға ие екендерін атап өтті. Кездесуде Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың алдағы Шолу конференциясы аясындағы ықпалдастыққа дайындық жөнінде пікір алмасты.

Губернатор Хидехико Юзаки ядролық қарусыздану бағытында Қазақстан мен Жапонияның тарихи тәжірибесіне және ортақ ұмтылыстарына тоқталды. Оның айтуынша, Хирошима мен Семей — ядролық қару зардабын көрген екі өңір, сондықтан бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жолында олардың ынтымақтастығы маңызды рөл атқарады.

Олжас Бектенов Қазақстанның Жапониямен бірқатар бағыттарда, соның ішінде радиация салдарынан зардап шеккендерді қолдау және радиациялық медицина саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екенін жеткізді. Сонымен қатар Семей өңіріндегі инфрақұрылымды дамытуға Жапония тарапынан көрсетіліп отырған қолдауға ризашылығын білдірді.

2024 жылғы деректерге сәйкес, Қазақстан мен Жапония арасындағы тауар айналымы 1,8 млрд АҚШ долларын құрады. Бүгінде елімізде 60-тан астам жапондық компания табысты жұмыс істеп келеді. Соңғы 20 жылда жапон инвесторлары Қазақстан экономикасына 8,3 млрд доллардан астам қаржы құйған. Toyota, Hitachi, Marubeni сынды ірі компаниялармен бірқатар бірлескен жобалар іске асырылуда.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар