Шұғыл: Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
- авторjambylinfo.kz
- 1 ақпан, 2024
- 432
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы 7 ақпанда өтеді. Бұл туралы сенат спикері Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
«Үкімет пен министрлердің жұмысына қандай баға берілетіні 7 ақпанда өтетін үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылады деп ойлаймын», -деді Әшімбаев сенат кулуарында журналистер сұрағына жауап бере отырып.
Спикер балдық шкаламен үкіметтің жұмысына баға беруден бас тартты. Бірақ, оның пікірінше, үкімет белсенді жұмыс істеп жатыр, бірақ олқылықтары да бар.
«Жалпы алғанда үкімет мемлекет басшысы жариялаған кешенді реформаларды жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін жұмсап жатыр. Парламент тарапынан, соның ішінде сенат тарапынан қажетті құқықтық база жасап жатырмыз», - деді сенат төрағасы.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев Князь II Альберді Монаконың Ұлттық күнімен құттықтады
- авторМағжан Орынбасар
- 19 қараша, 2024