Саясат
Тоқаев Хорватия Республикасының Президенті болып қайта сайланған Зоран Милановичті құттықтады
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қаңтар, 2025
- 506

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент сайлауында жеңіске жеткен Зоран Милановичке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазақстан Президенті жеделхатта Зоран Милановичтің жеңісін Хорватияның болашағын жарқын етуге бағытталған саясатына көрсетілген сенімнің айқын дәлелі деп бағалады.
Мемлекет басшысы Астана мен Загреб арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қарым-қатынастар қос халықтың игілігі үшін одан әрі нығаятынына үміт артатынын жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
“Президент сайлауы өтеді ме?”. Тоқаев маңызды сұраққа жауап берді
- авторМағжан Орынбасар
- 3 қаңтар, 2025
Саясат
Назарбаев саяси сыпайылықты сақтай бермейтін - Президент
- авторМағжан Орынбасар
- 3 қаңтар, 2025