Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы "Орталық Азия – Еуропалық Одақ" саммитінің үлкен маңызға ие екенін атап өтті. Ол бұл шара өңір мен Еуропалық Одақ арасындағы байланысты нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Кездесу барысында мемлекет басшылары Алматыда өткен бейресми кездесудің нәтижелі болғанын, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өтіп, өзара пайдалы серіктестікті кеңейтуге дайын екендіктерін мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Мемлекет басшысы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өткізді
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 желтоқсан, 2025
Саясат
Президент Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 желтоқсан, 2025






