Тоқаев Ресейге мемлекеттік сапармен барады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Мемлекет басшысы Президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сондай-ақ Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысады.
Сапар аясында бірқатар екіжақты маңызды құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.
Сапар 11-12 қарашаға жоспарланған.