Трамп АҚШ әскерін Ресей мен Қытайға қарсы дайындыққа жұмылдырды
АҚШ Қорғаныс министрінің айтуынша, алдыңғы әкімшіліктің әлсіздігі мен қателіктері Мәскеу мен Бейжіңнің жақындасуына жол ашып, АҚШ-тың әлемдегі позициясын әлсіреткен.
АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет Fox News арнасына берген сұхбатында президент Дональд Трамптың Пентагонға қарулы күштерді қайта құрып, қажет болған жағдайда Ресей мен Қытайға тосқауыл қоюға дайын болуды тапсырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz DW.com-ға сілтеме жасап.
Хегсеттың айтуынша, алдыңғы әкімшіліктің әлсіздігі мен қателіктері Мәскеу мен Бейжіңнің жақындасуына жол ашып, АҚШ-тың әлемдегі позициясын әлсіретті.
Министр Вашингтонның қақтығыс іздемейтінін, бірақ өз азаматтарының қауіпсіздігі үшін барлық қажетті шараны жасауға міндетті екенін атап өтті.
Оның сөзінше, әскери шеру мен демонстрациялар қалыпты құбылыс, бірақ олар ешқашан қақтығысқа ұласуға тиіс емес.