Трамп: Зеленский соғысты бірден тоқтата алады
Ақ үйдің хабарлауынша, Трамп пен Зеленскийдің екіжақты кездесуі Вашингтонда 18 тамыз күні сағат 13:15-те (жергілікті уақытпен) өтеді. Сағат 15:00-де Трамптың еуропалық көшбасшылармен кездесуі жоспарланған.
АҚШ президентінің пікірінше, соғысты тоқтатудың шарты – Украинаның Ресей аннексиялаған Қырымнан бас тартуы және НАТО-ға кірмеуі. Әйтпесе, Трамптың айтуынша, Киев күресті жалғастыруға мәжбүр болады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Өз кезегінде Украина президенті Владимир Зеленский Telegram-арнасында Вашингтонға жеткенін хабарлады. Оның сөзінше, Киев «ұзақмерзімді» әрі «шынайы» бейбітшілікке ұмтылып отыр.
Ақ үйдің хабарлауынша, Трамп пен Зеленскийдің екіжақты кездесуі Вашингтонда 18 тамыз күні сағат 13:15-те (жергілікті уақытпен) өтеді. Сағат 15:00-де Трамптың еуропалық көшбасшылармен кездесуі жоспарланған. Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Вашингтондағы келіссөздердің негізгі тақырыптарының бірі Киевтің қауіпсіздігіне берілетін кепілдіктер болатынын айтқан.