жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Украина саммиті: Вашингтондағы кездесудің бізге белгілі тұстары

Украина саммиті: Вашингтондағы кездесудің бізге белгілі тұстары
Фото: Jacquelyn Martin/AP Photo/picture alliance
18 тамызда АҚШ астанасында Украинаға қатысты маңызды саммит өтті. Дональд Трамп, Владимир Зеленский және еуропалық көшбасшылардың кездесуі нәтижелі өтті деп бағаланды.

АҚШ президенті Дональд Трамп Владимир Путин мен Владимир Зеленский арасындағы саммитке дайындық басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz dw.com-ға сілтеме жасап.

18 тамызда АҚШ астанасында Дональд Трамп Еуроодақ елдерінің басшыларымен, Украина президенті Владимир Зеленскиймен және НАТО бас хатшысы Марк Рюттемен кездесіп, оны "өте нәтижелі" деп бағалады. Оның айтуынша, ендігі қадам – Путин мен Зеленскийдің тікелей жүздесуі.

Украинаға қауіпсіздік кепілдіктері

Кездесуден кейін Трамп мәлімдеме жасап, Киевке берілетін қауіпсіздік кепілдіктерін Еуропа елдері қамтамасыз ететінін, ал оны АҚШ үйлестіретінін айтты.

Оның сөзіне қарағанда, вице-президент Джеймс Ди Вэнс, мемлекеттік хатшы Марко Рубио және арнайы өкіл Стивен Уиткофф Путин мен Зеленскийдің кездесуін ұйымдастырумен айналысады. Ал ол кездесу өткен соң үшжақты келіссөздер өтеді, оған Ресей мен Украина президенттерімен қатар Трамптың өзі қатыспақ.

Германия канцлерінің пікірі

Германия канцлері Фридрих Мерц саммит қорытындысына жоғары баға берді. Оның айтуынша, Путин мен Зеленскийдің кездесуін алдағы екі апта ішінде өткізу көзделіп отыр.

Мерцтің сөзінше, Вашингтондағы ұзақ әрі қызу талқылаудың басты нәтижесі – АҚШ-тың қауіпсіздік кепілдіктерін беруге дайын екендігі және оны Еуропамен бірлесе үйлестіруге келіскені.

Украина жері туралы сұрақ

Киевтің қандай да бір аумақтан бас тарту ықтималдығына қатысты Мерц: "Бұл – АҚШ-тың Флорида штатынан айырылуымен тең болар еді. Мұндай шешімді тәуелсіз мемлекет өзі қабылдайды. Бұл – украин халқының таңдауы, басқа ешкім оны шеше алмайды", – деді.

Оның айтуынша, Трамп пен Зеленскийдің қатысуымен өткен кездесуде "жерден бас тарту" тақырыбы көтерілмеген.

19 тамызда Украинаға қолдау көрсетуге ниетті 30 елдің қатысуымен бейнеконференция өтеді. Сол күні ЕО Кеңесінің кезектен тыс отырысы да жоспарланған. Онда Вашингтон саммитінің қорытындылары талқыланбақ.

Зеленскийдің мәлімдемесі

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың Киевке қауіпсіздік кепілдіктерін беруге дайын екендігі туралы Трамптың сөзін "үлкен алға жылжу" деп атады. Оның айтуынша, бұл кепілдіктердің нақты тетіктері он күн ішінде талқыланып, нақтылануы тиіс. Украина олардың аясында қаржылай көмек пен АҚШ-та қару-жарақ сатып алуды күтетінін де жасырмады.

Сонымен қатар, Зеленский Путинмен келіссөзге тікелей баруға дайын екенін, оған дейін атысты тоқтату талабын шарт ретінде қоймайтынын айтты.

Ол сондай-ақ Трамп Ресеймен "барлығын барлығына" қағидасы бойынша тұтқындар алмасуын ұйымдастыруға көмектесуге уәде бергенін жеткізді. Бұл алмасуға тек әскерилер ғана емес, сонымен қатар бейбіт азаматтар, журналистер, саяси тұтқындар да кірмек.

Жер мәселесіне қатысты Зеленский: "Мұндай нәзік тақырыптарды Путинмен және Трамппен үшжақты кездесуде талқылаймыз", – деді.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар