Саясат

Әзірбайжан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 20-21 қазан күндері Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі. Сонымен қатар президенттер Жоғары мемлекетаралық кеңеске және Қазақстан-Әзербайжан бизнес форумына қатысады.