жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

11 алтын, 16 күміс, 13 қола: Қазақстан джиу-джитсудан рекорд орнатты

11 алтын, 16 күміс, 13 қола: Қазақстан джиу-джитсудан рекорд орнатты
Туризм және спорт министрлігі
Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Джиу-джитсудан әлем чемпионатында Қазақстан жалпы есепте 1-орын алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан джиу-джитсудан әлем чемпионатында ересектер арасындағы жүлдегерлер белгілі болды.

Байрақты бәсекеде Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасының спортшылары 11 алтын, 16 күміс және 13 қола жүлдеге ие болып, жалпыкомандалық есепте топ жарды.

Біздің чемпиондар: 

Талант Тоқтыбаев (контакт 85 кг), Акбар Елубайұлы (контакт +94 кг), Ақжүніс Өтебаева (контакт 57 кг), Мақсат Төленді (ноу ни 85 кг), Мақсат Мұратұлы (ноу ги 56 кг)

Атакелді Есетов (ноу ги 62 кг), Аслан Қанатбек (хиф контакт 62 кг), Әбу-Бәкір Жәнібек (хиф контакт 69 кг), Жібек Құлымбетова (неваза 48 кг), Шерхан Жақсылық (контакт хиф 85 кг), Бекзат Баймұратов (контакт хиф 77 кг); 

Ересектердің жалпы есебі: 

1. Қазақстан (11 алтын, 16 күміс, 13 қола)

2. Бейтарап атлеттер командасы (10 алтын, 7 күміс, 17 қола)

3. Вьетнам (8 алтын, 7 күміс, 10 қола) 

4. Германия (7 алтын, 3 күміс, 4 қола) 

5. Бразилия (6 алтын, 7 күміс, 4 қола)

Айта кетейік, биылғы чемпионат 14 қарашаға дейін жалғасады. Алдағы күндері U16-18-21 жас санатындағы жекпе-жектер өтеді. Ересектер арасында 59 мемлекеттен 1100-ге жуық спортшы қатысты.

Осы тұста джиу-джитсу елімізде мемлекет тарапынан басымдық берілетін спорт түрлерінің қатарына жататынын айта кету керек. Жан-жақты жағдай жасалып жатқанның арқасында джиу-джитсу бұқаралық сипат алып, танымал спортқа айналды. Спортшыларымыз жазғы Азия ойындары, Дүниежүзілік ойындар және тағы басқа кешенді жарыстар мен әлем, Азия чемпионаттарында жоғары жетістікке жетіп келеді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар