жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

АҚШ-тағы турнир: Анна Данилина финалға жолдама алды

АҚШ-тағы турнир: Анна Данилина финалға жолдама алды
Фото: ҚТФ
Бұл туралы теннис федерациясы мәлімдеді

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Анна Данилина Кливленд (АҚШ) WTA 250 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жарыстың 1-ракеткалары Анна Данилина — Александра Крунич жартылай финалда чехиялықтар Анастасия Детюк — Мириам Скочпен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-сербиялық жұп бірінші партияда 6:2 есебімен басымдылық танытса, екінші сетте де өз мүмкіндігін жіберген жоқ — 6:4.

Бір сағат 19 минутқа созылған бәсекеде Данилина — Крунич эйс жасамағанымен, 14 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Детюк — Скоч 2 брейктен (3 брейк-пойнт) аса алмады.

Анна Данилина — Александра Крунич соңғы бәсекеде тайбэйлік Чань Хаочин — Синью Яньмен чемпиондық атақты сарапқа салады.

 

 

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар