Спорт
Абылайхан Жүсіпов Eindhoven Boxcup халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 10 маусым, 2025
- 1.3k
Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Нидерландтың Эйндховен қаласында өткен беделді Eindhoven Boxcup халықаралық турнирінде топ жарып, алтын медаль иеленді.
70 келі салмақ дәрежесіндегі финалда ол өзбекстандық тәжірибелі боксшы Асахужа Муйдинхужаевпен күш сынасты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жекпе-жек бірінші раундта-ақ тоқтатылды — қарсыласының қабағы жарылып, әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік болмады. Қазылар шешімімен жеңіс 3:2 есебімен Абылайхан Жүсіповке берілді.
Бұл — қазақ боксшысының халықаралық аренадағы кезекті жеңісі. Абылайхан бұған дейін де түрлі халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап келді.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Қазақстан құрамасы Бразилиядағы Әлем кубогында үш алтын жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 27 сәуір, 2026
Спорт
Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Бразилияда алтын жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 26 сәуір, 2026






