Спорт
Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының нәтижесі қандай болды?
- авторБақытжан Бекболат
- 11 қазан, 2025
- 379
Қазақстандық ауыр атлетшілер әлем чемпионатындағы жарыс жолын аяқтады
Норвегияның Ферде қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл сында ел намысын төрт спортшы қорғады. Ұлттық олимпиадалық комитет олардың нәтижелерін жариялады:
79 кг дейінгі салмақ дәрежесі:
Едіге Емберді — 6-орын
Петр Хребтов — 13-орын
88 кг дейінгі салмақ дәрежесі:
Әлібек Рахымберді — 11-орын
110 кг дейінгі салмақ дәрежесі:
Сұлтан Мейрам — С тобында 1-орын (қорытынды нәтиже А және В топтарының жарысынан кейін белгілі болады).
Жалпы алғанда, қазақстандық спортшылар лайықты өнер көрсетіп, әлем чемпионатында тәжірибе жинады.
Келесі мақала
Президент «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025






