Спорт
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының жеңімпазы атанды
- авторСадуақас Айсұлу
- 20 қыркүйек, 2025
- 608
Бұл — 1999 жылдан бергі алғашқы алтын.
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Айдос Сұлтанғали Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды.
Ол 60 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеді.
Финалда Сұлтанғали Өзбекстан балуаны Алишер Ганиевті 9:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңді.
Айта кетейік, Айдос Сұлтанғали бұған дейін де екі мәрте әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған (2018, 2022).
Соңғы рет отандастарымыз грек-рим күресінен 1999 жылғы әлем чемпионатында алтын медаль иеленген еді. Ол кезде 63 келіге дейінгі салмақта Мхитар Манукян чемпион атанды.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Жуалылық боксшы Бибарыс Әшірбай әлемдік турнирде топ жарды
- авторСадуақас Айсұлу
- 15 наурыз, 2026






