«Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңін толықтай өз алаңында өткізеді: билеттер қашан сатыла бастайды
«Қайрат» клубы «Реал Мадридке» қарсы ойын билеттеріне қатысты түсініктеме берді
УЕФА ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, футбол клубы «Қайрат» топтық кезеңдегі барлық кездесуін Алматыдағы Орталық стадионда қабылдайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кесте:
30 қыркүйек, 21:45 – «Қайрат» – «Реал» (Мадрид, Испания)
21 қазан, 21:45 – «Қайрат» – «Пафос» (Пафос, Кипр)
9 желтоқсан, 20:30 – «Қайрат» – «Олимпиакос» (Пирей, Грекия)
20 қаңтар, 20:30 – «Қайрат» – «Брюгге» (Брюгге, Бельгия)
Алайда клуб «Реалға» қарсы ойынға билет сатылымы туралы тарап жатқан ақпаратты жоққа шығарды.