жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Қайрат" футбол клубы Чемпиондар лигасындағы алғашқы ұпайын еншіледі

"Қайрат" футбол клубы Чемпиондар лигасындағы алғашқы ұпайын еншіледі
ФК "Қайрат"
"Пафосқа" қарсы өткен матчта "Қайраттың" қақпасын Темірлан Анарбеков қорғады.

Алматылық «Қайрат» пен Кипрлік «Пафос» арасында өткен матч тең аяқталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"Қайрат" футбол клубы Чемпиондар лигасының 3-турында Кипрдің "Пафосымен" кездесті. 

Ойын бастала саласымен "Пафостың" бір ойыншысы қызыл қағаз алып алаңнан қуылды. Деседе ойыншылардың басымдығына ие болған алматылықтар қарсыластарының осал тұсын таба алмады.

Ал кипрліктер болса ойынның 72-минутында есеп ашқан болатын. Алайда бұл гол Темірлан Анарбековтың салған автоголы ретінде тіркелді. Бірақ ойынның 76-минутында төреші VAR қарап, офсайд анықталған соң, голды есепке алмады.

Осылайша 90 минутқа созылған матчта қос команда ойынды тең есеппен аяқтап, аталған клубтар бір ұпайдан еншіледі.

Айта кетейік, "Қайраттың" келесі Чемпиондар лигасындағы матчы 6 қараша күні Миландық "Интерге" қарсы өтеді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар