Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы мәлімдеді
Алматылық "Қайрат" УЕФА Чемпиондар лигасының финалында Испанияның "Пальма" командасынан 4:9 есебімен жеңіліп, күміс жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бірінші таймда "Қайрат" 1:3 есебімен жеңіліп жатты. Екінші таймда қақпашы Кавалькантидің қатесінен кейін қарсылас команда басымдықты арттырды. "Пальма" ойыншысы Фабиньо бірден төрт гол соғып, хет-трикпен шектелмей, командасына жеңіс әкелді.
"Қайрат" құрамынан Тұрсағұлов, Рашит және Ариетта гол соғып, есепті аздап қысқартты. Алайда бұл жеңілістен құтқармады.
Осылайша, "Пальма" Чемпиондар лигасын қатарынан үш жыл жеңіп алған алғашқы клуб атанды. Ал үшінші орынға Испанияның "Картахена" командасы қол жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Қазақстан құрамасы Бразилиядағы Әлем кубогында үш алтын жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 27 сәуір, 2026
Спорт
Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Бразилияда алтын жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 26 сәуір, 2026






