Кызылорда өңірінің басты футбол клубы «Қайсар» жаңа маусымды жаңа бас бапкермен бастайды. Қазақстандық маман Андрей Ферапонтов команда тізгінін ресми түрде қолға алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Ресми түрде: Андрей Ферапонтов – "Қайсардың" жаңа бас бапкері! Жаңа маусымда қызылордалық команданы тәжірибелі маман Андрей Ферапонтов жаттықтырады", - делінген хабарламада.
Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, Андрей Ферапонтов – Премьер-лигада өзіндік қолтаңбасын қалдырған маман. Ол бас жаттықтырушы лауазымын "Мақтаарал" футбол клубында бастап, "Оқжетпес" командасында жалғастырды. Сондай-ақ "Ақтөбе", "Ордабасы", "Қайрат", беларустік "Рух" командаларының бапкерлік штабында абыройлы қызмет атқарған. Құрама деңгейінде де тәжірибесі жеткілікті.
Ферапонтов қазір Қазақстанның жастар құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы қызметін де қатар алып жүр. Бұл – оның халықаралық деңгейдегі тәжірибесі бар екенін көрсетеді.
Ұқсас жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025





