жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Қайсар» футбол клубының бапкері ауысты

«Қайсар» футбол клубының бапкері ауысты
Фото: Андрей Ферапонтовтың Instagram парақшасынан
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда облысының «Қайсар» футбол клубын жаңа маусымда тәжірибелі маман Андрей Ферапонтов жаттықтырады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 
Андрей Ферапонтов Премьер-лигада өзіндік қолтаңбасын қалдырған. 

— Ол бас жаттықтырушы лауазымын «Мақтаарал» футбол клубында бастап, «Оқжетпес» командасында жалғастырды. Сондай-ақ «Ақтөбе», «Ордабасы», «Қайрат», беларусьтік «Рух» командаларының бапкерлік штабында абыройлы қызмет атқарған. Құрама деңгейінде де тәжірибесі жеткілікті. Бүгінде Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері міндетін атқарып жүр, — делінген хабарламада. 

Ал 3 маусым бойы қызмет атқарған жаттықтырушы Виктор Кумыков келісім шарт мерзімінің аяқталуына байланысты «Қайсар» футбол клубындағы жұмысын аяқтады.

 

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар